Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Табиғат-тал бесігім» танымдық сабағы
14-03-2017 09:03
«Табиғат-тал бесігім» танымдық сабағы

    Бүгін №37 ЖОМ кітапханасында «Табиғат-тал бесігім» атты тақырыпта 3 "б" сынып оқушыларына арналған танымдық сабақ өтті. Аталған шараны өткізудегі мақсат - балаларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын Қазақстанның табиғи байлықтарымен таныстыру арқылы жеткізу. Шара видематериал көрсетумен басталды. Табиғат туралы қойылған жұмбақтар оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Сондай-ақ, оқушылар табиғат туралы өлең жолдарын оқып, өз туған жерлерінің сұлулығын суреттеп өтті. Айнала табиғатымызды қорғаудың қаншалықты маңызды екенін өз сөздерімен түсіндіруге тырысты. Сабақ соңында Нұрғиса Тілендиевтің "Сарыжайлау" әні орындалды. Танымды сабақты жүргізген мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Әмренова Сәуле Қажыбекқызы оқушыларға белсенді қатысқандары және шығармашылық өнерлері үшін алғыс білдірді.