Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: Ворушин көшесі, 6/2
662408, 662407
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі сағат 15:00 - ден 18:00 - ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бүгінгі күннің жетістіктері
06-05-2017 05:43
Бүгінгі күннің жетістіктері

    Әр сенбі сайын мектебімізде жалпы мектептік сап түзеу өткізіледі. Соған сәйкес, апта қорытындысы жасалып, түрлі сайыстар жеңімпаздарына және қатысушыларына марапаттаулар табысталады.
   Бүгінгі күні мектеп қоржынында түрлі салада бағындырған жетістіктер қатары жеткілікті болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан халықтары бірлігі күні қарсаңында ұйымдастырылған шағын-футбол бойынша футбол турнирінен мектебіміздің 5 б сынып оқушысы Нұрмағанбетов Данияр «Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт» бөлімі Мадақтамасымен марапатталды. Сол сияқты мектебіміздің 8 б сынып оқушысы Сүлейменов Ерболат ҚР Қарулы Күштерінің және Отан Қорғаушылар Күнінің 25-жылдығына арналып өткізілген аудандық бокс турнирде 2003 жылғы туылған 48 килограмм салмақтағы жас боксшылар арасында тамаша техника көрсеткені үшін Мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар, Павлодар және Омбы қалаларының 2003-2004 жылы туылған жас топтар арасында бокстан өткен кездесулер Жеңімпазы Кубогымен марапатталды.