5 «А» сынып оқушысы «QazaQ Balasy» сайысында ІІ орынға ие болды
![5 «А» сынып оқушысы «QazaQ Balasy» сайысында ІІ орынға ие болды](/media/img/blogs/59fbe266cdd74.jpg)
2017 жылдың 2 қараша күні Астана қаласында «QazaQ Balasy» атты халықаралық вокал және хореография сайысы өтті. Осы сайыс ұйымдастырушы ARUZHAN STAR фестиваль қозғалысы. Ұйымдастырушылрдың мақсаты – шығармашыл, дарынды балалар мен жастардың өсуіне көмек көрсету, вокалдық, хореографиялық өнер тәжірибесімен алмасу үшін жағдай жасау. Осы сайыста №37 жалпы орта білім беру мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Манап Гүлдана «Эстрадалық вокал» номинациясында жүлделі ІІ орынға ие болды. Біз Гүлдананы шын жүректен құттықтып, келешекте биік шыңнан көрінуіне тілектеспіз.