Менің сүйікті жануарым
Ағылшын тілі сабағында «Менің сүйікті жануарым» атты тақырыбына оқушылар өзінің қызықты деректерін дайындап әкелді. Бұл тапсырма оқушылардың өз бетінше ағылшын тіліндегі деректерді табу, оны ағылшын тілінде жеткізе алуға үйретеді. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, сөз қорын байытады. Сабақта оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.