Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп отырды. Соның бірі – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында заң өкілімен әңгімелесулер өткізу. Мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларымен аталған тақырыпта жүздесу өткізіліп, оқушыларға заң бұзушылық бойынша жауапкершіліктер мен оның салдарлары түсіндірілді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу