2018 жылғы 15 наурызына 15 сәуірі аралығында өткен «Қамқорлық» акциясы өтті. Акция аясында балалардың бір-біріне қамқор да, мейірімді болуларын насихаттау мақсатында мектеп психологтары Абдельдинова Жанар Камалқызы мен Ідрисова Назгүл Бейсенбайқызының ұйымдастыруымен «Жақсалық жаса досыңа», «Мейірімді жүрек» тақырыбында тренинг-семинарлар өткізілді.
Жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың өмірге сенімдерін арттыру, қоғамдағы азаматтық құқыларын түсіндеру және оларға әлеуметтік-психологиялық мақсатта қолдау көрсету мақсатында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Абдімбетова Гүлмира Бахитқызы мен әлеуметтік педагог міндетін атқарушы Арзаева Талантты Мырзалықызы жоғарыда аталған балалармен дөңгелек үстел өткізді.
Балалармен ашық әңгімелесу барысында олардың қоғамға көзқарастары жайлы, жалпы адами құндылықтар мен азаматтар құқықтары туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, әңгімелесу барысында балалардың қандай да бір қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнама толтырылды. Сауалнамада қандай мәселен бар және оның себебі не деп ойлайсың деген сияқты сұрақтарға жауап алынды. Бұл оқушылардың мұқтаждықтарын анықтауда қолданылған әдістің оң нәтижесі деп ойлаймыз. Қол жеткізілген нәтижелерге сәйкес, «Қамқорлық» акциясы аясында осы балаларға анықталған мұқтаждықтарын қамтамасыз ету шаралары ұйымдастыру көзделді.
Мектебімізде оқитын төрт бірдей жетім балаға мектеп мұғалімдері тарапынан қамқорлық қолдауы және баланың сабаққа және өмірге деген ынтасын арттыруға бағытталған шара ретінде қажеттіліктеріне қарай киім жағынан көмек көрсетілді.
11 «б» сынып оқушысы Ергібай Мадинаға ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері бірлесе отырып, көктемгі жеңіл күрте алуына қол созды.
10 «б» сынып оқушысы Наливайко Сабинаға мектеп әкімшілі және қызметкерлерінің қолдауымен қажеттілігіне қарай, спорт киімімен қамтамасыз етілді.
6 «а» сынып оқушысы Бағдатова Аружанға қазақ және орыс тілі пәндерінің мұғалімдері атсалысуымен көктемгі жейде сатып алынды.
6 «д» сынып оқушысы Пулатов Алишерге мектебіміздің спорт, технология пәндерінің мұғалімдерінің бірігуімен спорттық аяқ киім сыйға тартылды.
Аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасылар балаларына қамқорлық көрсету мақсатында, аталған санатта көп балалы отбасылар ретінде таңдалып алынған Кабеновтер отбасына мектеп ұжымынан Акпараова Тоғжан Тлеуғабылқы, Абдуллаева Қалдыгүл Манашқызы және Танкибаева Меңдіқыз Алшынбайқызы және Арзаева Талантты Мырзалықызының демеушілік жасауымен мектебіміздің көп балалы отбасыларының бірі – Қабеновтер жанұясына азық-түлікпен көмек қолын созды.
Қамқорлық акциясы аясында аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларға көмек беруге кәсіпкерлерді тарту бойынша Павлодар қаласында орналасқан «Караван» және «Batyrmall» сауда үйлерінің басшылығына қатынас хат жолданды.
Өкінішке орай, «Batyrmall» сауда үйлерінің басшылығынан қайырымдылық көмек көрсету шегінен асып кеткендігіне байланысты еш көмек түрін бере алмайтындығы баяндалған жауап хат алынды.