Телефон доверия
8(7182)-66-24-02
email: sosh37@goo.edu.kz
Адрес: ул.Ворушина, 6/2
662408, 662407
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Четверг с 15:00 до 18:00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әдептілік – тәрбие бастауы
02-09-2019 11:38
Әдептілік – тәрбие бастауы

Бүгін мектебіміздің акт залында 9-11 сыныптар арасында оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып,  жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету мақсатында сұхбат лекция өткізілді. Сұхбат барысында оқушыларға әдептілікке байланысты бейнефильм көрсетілді.  Осыған орай мектебіміздің қазақ тілі пәні  мұғалімі Дюсенбина Г.А.  адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, оқушылар бойына әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру мақсатында « Әдептілік – тәрбие бастауы» атты  баяндамасын баяндап шықты.

Мектеп психологы Абылай К. тақырыпқа байланысты оқушылар арасында (Презентациядан суреттер көрсету арқылы) төмендегідей (анкета сұрақтары) өткізіп шықты.

  • Адами қасиеттің негізгі арқауы не деп білесің?
  • Жаман әдеттен аулақ болу үшін қандай болуың керек?
  • Өзара қарым-қатынасты қалай орнатар едіңіздер?

Әдептілікке байланысты бүгінгі сұхбат лекциясына оқушылар белсене қатысып, өз ойларымен еркін бөлісіп отырды.