Біздің мектепте Нигерия қонағы Абрахам Салако болды.
Бүгін, ағылшын және орыс тілі онкүндігінің бағдарламасы аясында, біздің мектепте Нигерия қонағы Абрахам Салако болды. Ол ПМУ студенті. Қазақстанда біздің мектеп - Абрахам барған алғашқы мектеп. Оқушылар ойын ойнап, әңгімелесіп, сұрақтар дайындады. Сапар мақсаты-еркін жағдайда әңгімелесуге қол жеткізілді. Балалар, мұғалімдер және қонақ риза болды.