Ашық сабақ "Еңбекке төленетін ақы"
Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті декадасы өтуде. Осыған орай мектептің 10 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Есембаева Бақтылы Иланбекқызы қазақ тілі пәнінен ашық сабақ көрсетті. Сабақтың тақырыбы: Еңбекке төленетін ақы. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша көптеген стратегиялар қолданылды. Оқушылар қазақ тілінен алған білімдерін көрсете білді.