Тәуелсіздік күні
15 желтоқсан күні тәуелсіздік күніне орай қаламыздың № 39 жалпы білім беру орта мектебінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушылар ән салып, бибиледі.Мектеп ұжымын құттықтауға қалалық «Нұр Отан» партиясының құрметті мүшесі, депутат Мұқашев Ораз Сарсенғалиұлы қонаққа келді. Мереке қонағы партияға өтуге ұсыныс жасаған жас мұғалімдерге жылы лебізін білдіріп, арнайы сертификаттар тапсырды. Жалауымыз биік, елтаңбамыз тұғырлы болсын!