«Мен Қазақстан туралы не білемін?» атты интеллектуалдық ойын
02-12-2016 07:25
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің онкүндігін өткізу шеңберінде 4 «В» сыныбында «Мен Қазақстан туралы не білемін?» атты интеллектуалдық ойын өтті. Бұл шарада балалар екі топқа бөлініп жарысты. «Ең ақылды», «Бәйге», «Өнер алды- қызыл тіл» атты сайыс кезеңдері өтті. Мұнда оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер айтуда жарысты. Ең соңында ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасының шешуі бойынша «Бүркіт» пен «Жұлдыз» топтарының ұпай сандары тең болып мадақтамамен марапатталды. Қазақ тілі мұғалімдері: Толеубаева Г.М., Бакирова Г.М.