"Тіл білгірі" сайысы «Қазақ тілі» қоғамының 25 жылдығына арналды. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – 5 сынып оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Cайыс 7 кезеңнен тұрды, олар,мысалы, "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу), "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша), «Жеті жұрттың тілін біл» т.б. Сайысқа 5 «Д» , 5 «В»сыныптан 12 оқушы қатысты.Әр сыныптан 6 оқушы. Қазылар құрамында: Абденова Г.Ш. және екі оқушы Рабкова Ольга, Бочко Алина. Сайысты дайындап өткізген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Успанова Г.Р.