Желтоқсан айының 21-ші жұлдызында 6 "А" мен 7 "А" сынып оқушылары арасында тарих - география апталығы аясында "Сиқырлы география әлемінде" сайысы өткізілді. Сайыс 3 айналымнан құрастырылған. Бірінші айналым - викторина ойыны, белсенділік танытқан оқушылар, дұрыс жауаптары үшін ұпай жинап келесі айналымға өту мүмкіндігіне иеленді. Екінші айналымда оқушылар жұппен жұмыс жасады. Айналым "Туған өлкеме саяхат" деп аталды. Осы айналымның тапсырмасы - Павлодар қаласына келген саяхатшыларға туған өлкемізді таныстыру үшін, оқушылардың жасаған маршруты, саяхат жасау ұсыныстары. Үшінші айналымға өтетін оқушыларды - көрермендер дауыс берумен анықтады. Құрастырылғын 4 жұптын 3-уі ғана 3 айналымға өтті. Соңғы айналымда оқушылар өздігінен өз білімдерін көрсетті, үшінші айналым тапсырмасы - географиялық диктант. Мәтін ішінен ең көп табылған сөз ұпай санына айналып, жүлдегерлер анықталды. Тарих-география апталығы аясында өткізілген "Сиқырлы география әлемінде" атты географиялық сайысының І орын иегері - 7 А сынып оқушысы Турсынова Дильназ, ІІ орын иегері 6 А сынып оқушысы - Орынбай Сұлу, ІІІ орын иегерлері 6 А сынып оқушысы - Бақан Жанпейіс пен 7 А сынып оқушысы - Сағындық Дариға. Өткізген: география пән мұғалімі Тугайбаева А.Т.