«Бейбітшілік – тұрақтылық негізі» айдарымен 21 қыркүйек - халықаралық бейбітшілік күніне орай №39 жалпы орта білім беру мектебінде 6 «А» сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді. Сынып оқушылары «Бейбітшілік» пен «Соғыс» деген сөздерге түсінік беріп, соғыстан жапа шегіп жатқан меклекеттерге «Соғысқа жол жоқ!» деген үндеу тастады. Қорытындылай келе, топ мүшелері Кусаинов Тамерлан «Әрбір адам бейбітшіліктің құнын түсіну керек» десе, екінші топ мүшесі Бақан Нұрпейіс «Әр елдегі бала жыламай, тыныш өмір сүруге құқылы» деген маңызды сөздер айтылды Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тілейік деген ізгі тілек білдірді. Бейбітшілікті аңсайтындар ұшін Халықаралық Бейбітшілік күнінің қадірі тым үлкен. Сондықтан да әлемде тыныштық, бейбітшілік болсын! Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б. Қ. Мұқышова