1 Қыркүйек – Білім күні!
Бүгін біздің мектебімізде салтанатты түрде білім күні мерекесі өткізілді. Жаңа оқу жылы Қазақстан Республикасының Контитуциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекелерімен ерекшелінеді. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір - бірімізге тағатты болуымыз керек!» Мектептің салтанатты сап түзеуінде Қазақстан Республикасының туы енгізіліп, мемлекеттік әнұран шырқалды. Оқушыларды құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Булгакова Елена Ивановнаға берілді. Сап түзеуге арнайы шақырылған қонақтар ретінде қалалық маслихаттың депутаты Мукашев Ораз Сарсенғалиев пен педагогикалық шеберлік орталығының директоры Сарбасов Нұрлан Сағындықұлы оқушыларды білім күнімен құттықтады. 2015 – 2016 оқу жылында 236 бастауыш сынып оқушылары қабылданып, толық 10 бастауыш сынып құрылды. Бастауыш сынып бүлдіршіндері 2015 жылғы «Мектепке - оқулықпен!» атты республикалық акция қарсаңына орай Елбасымыздың атынан әр оқушыға «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқулық табысталды. Салтанатты сап түзеуден кейін барлық сыныптарда «Ерлік» тақырыбына тәрбие сағаттары өткізілді. Осы тәрбие сағатттарын арнайы шақырылған қонақ Павлодар қаласының қарулы істер бөлімінің 3 дәрежелі сержанты Асхат Файзоллаевич Бейсатов өткізген болатын. «Мәңгілік Ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі. Жаңа оқу жылымызды бастай отырып, Елбасының алдыға қойған мақсаттарына жете аламыз деп үміттенеміз.