24 сәуір күні Павлодар қаласының № 39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі Қарағандыдан келген білім беру жүйесінен делегацияны қарсы алды. Қонақтар мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты, қазақ тілі, математика, информатика, география, физика, шахмат, робототехника, лингвистикалық орталық кабинеттерімен танысты, спорт залына және кабинеттердің ерекшеліктеріне таңқалды, әсіресе спорттық жабдықтарға. Үш тілді енгізу бойынша дарынды балалармен технологиялық жұмыстар және инновациялық әдістер тәжірибиесімен бөліскені үшін А.К. Жумабаеваға, Т.Р. Мокроусоваға, Т.В. Жуковаға, Н.Ю. Крюковскаяға, Р.М. Бурахановаға, Л.Ю. Дементьеваға, А.М. Гуринаға алғысын айтты. Шара соңында мектеп директоры Е.И. Булгакова лингвистикалық гимназия жұмысы туралы, Германиядағы «Мектеп болашақ келешегі» халықаралық жобада мектеп мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктері туралы және оның келешегі туралы айтты.
Тәжірибе және келешек