Бүгін Білім Күніне арналған салтанатты жиын өтті. Таңертеннен бастап қолдарына гүл шоқ ұстаған оқушыларды көре аласың. Мектеп есігі 1600 оқушыға ашылды, оның 200-і бірінші сынып оқушылары. Кейбірулері мектеп табалдырығын бірінші аттады, ал кейбіреулеріне биыл соңғы жыл. Мектеп оқушылары мерекелік шарада вальс биін билеп, мектеп туралы өлең тақпақтар орындады.
Салтанатты жиынға мектептің материалдық базасына көмек көрсеткен құрметті қонақтар қатысты: Теренченко Илья және Суентаев Дамир Серікұлы. Құрметті қонақтармен бірге еңбек ардагерлері оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтауға келді.
Бүгін жаңа оқу жылына мақсаттармен міндеттер қойылып, өткен оқу жылының қорытындысы шығарылды.
Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар мереке құтты болсын! Табысты оқу жылы болсын!Барлық бастауларда табыс тілейміз!
БІЛІМ КҮНІ