МЕКЕН-ЖАЙ ЖӨНІНДЕГІ АҢЫҚТАМА 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСТАН АЛЫНАДЫ
![МЕКЕН-ЖАЙ ЖӨНІНДЕГІ АҢЫҚТАМА 2019 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСТАН АЛЫНАДЫ](/media/img/blogs/5dbd5747baeb9.jpg)
Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы жойылады және мемлекеттік қызметтер тізілімінен шығарылады. Бұл 1 қарашадан бастап мемлекеттік органдар, мектептер, медицина мекемелері, т. б. азаматтардың мекен-жайы туралы анықтама талап етуге құқығы жоқ екенін білдіреді. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" филиалдары арқылы да, электрондық үкімет порталы арқылы да алуға болмайды.