Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Театр мен кітаптың тамаша әлемі»
08-11-2016 01:46

Күзгі каникулда кітапхананың есігі бәріне айқара ашық болды. Барлық санаттағы оқушылар үшін кітапхана әр түрлі шаралар дайындады. Кітапханада «Театр мен кітаптың тамаша әлемі»атты көрме рәсімделді. Соныменн бірге барлық шараларға көрме ұйымдастырылды.

31 қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылары үшін мектептің мәжіліс залында «Чуковскийдің Феерия ертегісі» атты презентация- викторинасы өткізілді. К.Чуковскийдің ертегісі бойынша жеке шығармасы бойынша қойылымдар көрсетілді. 1Б,1В, 2 А, 2Б сыныптарықатысты. Викторинаның сұрақтарына белсене жауап берді. 1 А сынып оқушылары викторинаның көп сұрақтарына дұрыс жауап қайтарды. Біздің іс шараға көп ата-аналарда келді. Олар балаларға қиын деген сұрақтарға жауап беруге көмектерін көрсетіп отырды. Келесі сынып жетекшілері оқушыларды дайындап және ұйымдастырғаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз: Горбачева Е.В., Стремилова О.А., Демьяненко С.Д., Дуброва Н.Н., Каужапарова Ж.Т. және т.б.

1 қараша күні 5-6 сынып оқушылары үшін Л.Кэрролла және А.Милна «Мир добрых книг» атты саяхат ұйымдастырылды. Сынып жетекші М.И.Кенжебаеваның тырысуымен, 5 «Д» сынып оқушылары өте жақсы жұмыс жасады.

7 – 8 сыныптарына «Культурная революция и влияние книг на общество» атты дөңгелек үстел түрінде дискуссия өткізілді. Балалар алдын ала жұмыстар дайындап әкелді: баяндамалар, рефераттар, суреттер. 8 «В» сыныптың сынып жетекшісі Қ.Қ.Шәкімоваға балалардың шығармашылық белсенділігі үшін үлкен рахметімізді білдіреміз.

Каникулды жазушылар: С. Соколова-Микитова және К. Паустовскиидің шығармалары бойынша «Путешествие на поезде в мир природы» атты әдеби круизбен аяқталды.Презентация осы 2-і жазушыларды салыстырумен өткізілді. Бұл екі жазушының шығармалары мен өмірлік циклдері ұқсас. Кітапханашылар презентацияда олардың ұқсастықтарын көрсетуге тырысты. Соколова-Микитова «Листопадничек» және К. Паустовского «Стальное колечко» атты әңгімесі бойынша викторина сұрақтарына балалар белсене қатысып, жауап берді.Келесі педагоктарға балаларды іс шараға дайындап ұйымдастырғаны үшін рахмет: Баранова Н.А., Чупрова С.А., Нурсеитова А.А., Стремилова О.А., Овчинникова Л.С., Заирова С.С.