2016 жылдың 8 қыркүйегінде 9 «а» сыныбының оқушылары ата-аналардың ұйымдастыруымен қаламыздың жанында 18 шақырым жерде орналасқан «Қарағай тоғайшасына» барды. Мында балалар таза ауада небір ойындар ойнады. Жаз бойы бір-бірін сағынған балалар өз басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Осы шараны ұйымдастырған сынып жетекші Айнаш Қалеловна мен ата –аналарға алғыстарын білдірді.