Қыркүйектің жиырма төртінде біздің мектепте № 1,2,5,18,34,27,36,43 мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Ерлік сабағы» атты қалалық іс-шара өтті. Осы аталмыш іс – шараны ұйымдастырғандар: «Павлодар облысы және Павлодар қаласы Әскери десанты, Аэромобилбді әскер ардагерлер кеңесі , «Десант бауырластығы» қоғамдық ұйымы. Бір залда Ауған соғысына және Тәжікстандағы оқиғаларға қатысушылар және де Чернобыль АЭС -дағы апатын жоюшылар, Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментті басқару өкілдері жиналды. Оқушылар Отан тарихының ерлік және қайғылы беттерімен танысты. Іс – шараның соңында қатысушыларға «Десант бауырластығы» және «Қазбат» қоғамдық бірлестіктері шағын шығармашылық концертін ұсынды.