№5 мектепте «Мектепке жол» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы басталды. Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағытталған бастамасы 2020 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін бүкіл республика бойынша өтеді.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына көмектесу және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу. Біз бей-жай қарамайтын барлық адамдарға акцияға қосылуға және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар мен балаларға, сонымен қатар мектепке баруға көмектесуге өз үлестерін қосуға шақырамыз.
Барлық ұйымдастырушылық мәселелер бойынша 54-63-23 телефоны арқылы (мектептің оқу бөлімі) хабарласыңыз.
Барлық балаларға бірге мектепке баратын жолдарын табуға көмектесейік!