Телефон доверия
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ағылшын тіліның үйірмесі
24-03-2018 19:31
Ағылшын тіліның үйірмесі

Соңғы онжылдықта коммуникативті құзыреттілік шет тілін оқытуда приоритетті міндет болып кетті. Оқушыларға  қарым-қатынас жасау үшін ағылшын тілін үйрету қажет. Коммуникативтілікке қол жеткізу оңай емес. Мұғалім тек қана сөздердің  фонетикалық айтылуын ғана үйретіп қоймайды, ол сондай-ақ, грамматиканы, екпін ерекшеліктерін, сонымен қатар, қандай жағдайда қандай сөздерді айту керектігін де үйретеді. Нағыз қарым-қатынас жасау- бұл мимика, екпін мен ишарат жасау болып табылады. Және бұл жерде әңгімелесуді, оқып жатқан тіл бойынша елдің мәдениетін білу өте қажет.  Мәдениет туралы ақпарат алып, оқушылардың осы мәдениетке деген қарым-қатынасы қалыптасады, осы жерден тілді оқып үйренуге деген ынтасы туындайды. Біздің мектепте 7 "Б" сыныбында әр сенбі сайын ағылшын тілінің ‘Smile’ атты үйірмесі өткізіледі. Үйірмедегі жаттығулар жүйесінде баланың қабілетін толығымен және тосыннан байқататын ойынды атап өту керек.Ойын кезінде әрдайым бір шешімді қабылдау керек болады, ал оны шешуге ынталану ойнаушылардың ойлау қабілетін шиеленістіре түседі. Ойын маңызды әдістемелік міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Біріншіден, сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасауға психологиялық дайындық береді. Екіншіден, тілдік материалдың бірнеше рет қайталануын қамтамасыз етеді. Үшіншіден, оқушыларды сөйлеу нұсқаларын таңдауға жаттықтырады, бұл жағдайлық кенеттікке даярлайды. Оқушыларға әсіресе  ‘What’smyproblem?’ және  ‘Whereareyoufrom?’  ойындары ұнады, онда олар  зор қызығушылықпен жалпы әңгімеге тартылды. 10 наурыз күні үйірме сабақтарында балалар ағылшын тілінде Гарри Поттер фильмінен үзінді көріп, тапсырмалар орындады, онда балалардың барлығы берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты..