Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Эмоционалды интеллект" атты психологиялық тренинг
05-03-2019 23:17

Мектебімізде "Эмоционалды интеллект" атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг мақсаты - өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту негізінде әлемге деген  сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоциясын бақылау дағдыларын қалыптастыру және айналадағы адамдармен эмоционалды өзара әрекетті дамыту болды. Шара  мектеп психологы А.А.Хамиитова өткізіп жүрген барлық шаралар сияқты өте қызықты және мағыналы болды. Тренинг барысында тыңдаушылар эмоцияларын ұстап және сезімдеріне талдау жасап үйренді. Көптеген адамдар өз эмоциялары мен сезімдерін түсінбейді. Бұл біздің мәдени дәстүріміздегі "тыйым салынулардан" және көптеген эмоцияларды көрсетуден болады (жылулық, сүйіспеншілік, түсінушілік, таң қалушылық, қуаныш және т.б.).          С. Л. Рубинштейннің анықтамасына сәйкес эмоциялар - бұл субьектінің әлемге деген көзқарасынан көрінетін уайымдаушылық, олардың көмегімен ол болып жатқан жағдайлармен және өз қажеттіліктері арасындағы байланысты орнатады.  Сезім эмоциялардың мағыналы жақтарын көрсетеді.  Эмоция адам үшін маңызды ақпарат көзі болып табылады, олар  қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажет. Аталмыш шара барысында "Ассоциациялар", "Эмоцияны көрсет", "Эмоционалды шынжыр" және т.б. ойындар өткізілді. Осы әдіс, тәсілдердің барлығы тыңдаушылардың өзінің және басқа адамдардың  эмоцияларын түсіну үшін және өз эмоцияларын басқару үшін қолданылды. Тренинг қорытындылары бойынша әр қатысушы өзінің әдістемелік жинақ сандықшасына көптеген қызықты идеялар мен тәсілдерді ала алды.