1 мамыр- Бірлік күні
«1 мамыр – Бірлік күні» мерекесін тойлау мақсатында мектепте Павлодар облыстық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері және Павлодар қаласы №4 округі ардагерлер кеңесінің қатысуымен «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концерт өтті.
1 мамыр – Көктем және еңбек мерекесі – еліміздегі ең сүйікті көктем мерекелерінің бірі. Бірінші мамыр біз үшін ежелден бірліктің, ынтымақтың, ынтымақ пен еңбекке деген құрметтің символына айналды. Осы жарқын күнмен бірге көптен күткен көктем де, онымен бірге тамаша көңіл-күй де келеді.
Ардагерлер кеңесінің төрайымы Нургазинова Айман Каденовна көрермендерді мерекемен құттықтам, қонақтармен таныстырды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айналды.
Іс--шара көңілді әрі тартысты өтті. Көрермендер әртістерге жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй сыйлаған концерті үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.