"Мектебім, саған мың алғыс» атты мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасы
Бүгін, мамыр айының 25 жұлдызында «Мектебім, саған мың алғыс» атты мектеп бітіруші түлектердің іс-шарасы өтті.
Іс-шара жиынның мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге ,ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу.
Іс-шараға ұстаздар, түлектер және ата-аналар қатысты.
Алтын ұямен қоштасар сәт таяп, кешегі тұлымды ұл ат жалын тартып, азамат болғанын, тұлымшақты қыз бой жеткенін бүгін ғана сезінгендей, көңілдері толқып, жүректері лүпілдейді. Алғаш әріп танытқан, бойларына жақсылықты дарытқан, балалығы мен шалалығын кешірген аяулы ұстаздарын қимаса да, қияға құлаш сермейді, аңсауға толы арманға қол созады. Мектеп бітірушілер бұдан кейін қоңырау олар үшін сыңғырламайтынын, мектеп партасына қайтып отырмайтынын білсе де, соның бәрін көкірегінің бір түкпіріне түйілген сырлы сағынышқа айналдырып кете бармақ. Ұстаздар он бір жыл бойы тәрбиесін шыңдаған, білімін жетілдіріп, қанаттандырған өрендерінің өздерін ешқашан ұмытпайтынына сенімді.
Жолың болсын жас түлек!