
Бүгінгі күн мұғалімдер алдында біздің мектепте кәсіптілігін жетілдіру міндетті болып тұр. Соған байланысты үш деңгейлі курстан өткен мұғалімдер педагогикалық ұжымға оқыту семинарын өткізді.31 қазан күні – «Интеграция оқу үрдісі жеті модульдан тұрады-ол білім сапасының көтерілу факторының бірі» атты тақырыбымен практикалық сабақ өтті.Әр модуль бөлек топтармен қарастырылды, олар АКТ-ны қолдану, сын-тұрғыдан ойлау әдісі, бағалау және т.б. болды.Сабақ соңында мұғалімдер берілген шара бойынша өз пікірлерімен бөлісіп,топ жетекшілерінің жұмыстарына жоғары баға берді.