1 қазан мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт болды.Мерекелік концерт «Қызғылт піл»атты би ансамбль сүйемелдеуімен ашылды.8 «А»сынып оқушыларының сынып жетекшісі С.Т.Омарова «Менің сүйікті ұстазым» атты видео-роликпен мұғалімдердің ықыласын аударды. «Үндестік» атты вокаль ұжымы музыкалық сәлем жолдады.7 «А» сынып оқушысы Альжанова Жазира өз әнімен мұғалімдердің көңілінен шықты.Одан кейін мектеп директоры Е.А.Гамирова өз тілегімен мұғалімдерге еңбекте шыдамдылық,мейірімділік,мықты денсаулық тілеп өз алғысын білдірді.