25 қараша күні тұңғыш Президет күніне орай « Біздің Президент» деп аталатын 6-сыныптар аралығында ақпараттық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы білу, оқушылардың отанға, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сынып сағаты 6 «а», 6 «б» «в» сыныптар аралығында конкурс түрінде болды.
Алдымен ҚР әнұраны шырқалды. Оқушыларға ҚР тұңғыш президенті туралы шағын видео қойылым көрсетілді.
Конкурс 3 турдан құрылған.
1. Ойлан, тап! (сұрақтар)
2. Өлең құрастыру
3. сөз жұмбақтар шешу
Оқушылар сайысқа өте қызығушылықпен араласты. Екі сынып оқушыларының бойынан бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың саясатын қолдауға үлесін қоса алатын, өз Отанын сүйетін адал, батыл, өзін-өзі басқара алатын мінез-құлық, сезім, талпыныс көрінді. Жарыс аса қызығушылықпен өтті. Екі жақтың оқушылары белсенді қатысты.
« Біздің Президент»