24 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай, қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 8 «А» сыныбында «Досыма сыйлық таңдаймын» атты ашық сабақ өтті. Топта 17 бала. Сабаққа 15 оқушы қатысты. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз. Оқушылар сабақта әр түрлі әдіс - тәсілдермен жұмыс жасады. Сабақтың барысында «сыйлық» сөзіне ассоциаграмма құрғыздым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруге «Сыртқы және ішкі шеңберге», «Сергіту сәті», «Қабырғадағы сурет» стратегиясы». Сабақтың соңында оқушылар шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Сұқ саусақ» әдісі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргіздім.Оқушылар сабақта белсенділік танытып отырды.
Балалар 2 топқа бөлінді. Сабақ барысында оқушылар өздері жұмыс жасады, мұғалім тек қана нұсқаушы қызметін атқарды. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алды. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды.