Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» тақырыбында викторина.
05-06-2019 19:55
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері»  тақырыбында викторина.

  № 20 лицей-мектебінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері"тақырыбында викторина өтті. Іс-шараның мақсаты: балалардың Қазақстан туралы білімдерін бекіту, "азамат" ұғымын қалыптастыру, Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау туралы түсініктерін дамыту, өзінің көпұлтты елі - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

     Викторина бірнеше кезеңнен тұрды.  Бірінші тур "Миға шабуыл"  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен байланысты мәселелерді қамтыды.  Балалар "гимн" сөзінің мағынасын білуді және түсінуді көрсетті, Ту, Елтаңба туралы айтты, рәміздердің авторларын көрсетті. Екінші тур "Есіңе түсір" ҚР туына арналды. Лицеистер тапсырманы сәтті орындап шықты: ту түсінің мәнін атады,матадағы Сәуле мен күн, қалықтап ұшқан қыран, ою-өрнек бейнелейтіндігін айтты.  Үшінші тур" Жауап бер " ойын түрінде өткізілді. Оқушылар елтаңба бейнеленген парақтарда оның бөліктерін көрсетті: шаңырақ, жұлдыз, уық, түндіқ,  тұлпар. Викторина соңында жеңімпаздарға грамоталар тапсырылды.

    Осындай іс-шаралар балалардың бойында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты қарау , отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.