Хабарландыру!
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі – Қағида) 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс жүргізілуде.Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен түскен ұсыныстар негізінде құрылады.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (болған жағдайда), білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі кіреді. Осы білім беру ұйымында ұсынған сыныптардың әрбір параллелінен ата-аналар комитеті, меценаттар (бар болған жағдайда).
Жоғарыдаға ақпаратты ескере отырып, Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне ену үшін «Павлодар қаласының № 23 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-не 8 /7182/ 621296 телефоны бойынша хабарласу қажет.
Ұсыныстар ағымдағы жылдың 1-14 ақпан аралығында қабылданады.