Жаңа жылдық ертеңгілік
![Жаңа жылдық ертеңгілік](/media/img/blogs/blogs_914874899.jpg)
Бүгін 29 желтоқсан күні біздің мектепте 1-9 сыныптарында жаңа-жыл шыршасы өткізілді. Жаңа-жыл балалар үшін ең басты мереке болып саналады. Осы шыршаға келген барлық балалар әр-түрлі және өте әдемі костюмдерде болды. Жаңа-жылдық көңіл –күйге бөленді. Жаңа-жылдың алтын әтеш символынан басқа, балаларды аяз-ата мен ақшақар, ермек пен аққала қатты қуантты. Жаңа-жыл шыршасы балалар мен ата-аналарға көптеген жарқын эмоциялар мен позитивті көңіл-күй әкелді. Қымбатты біздің сайтымыздың оқырмандары, Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, оқуда сәттілік тілейміз!