Бүгін бейінді лагерінде...
11 маусым күні, «ЕЖӨС» тобында «Өнеркәсіптік авариялар , апаттар және адам өміріне қауіпті жағдайлар» атты іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды өнеркәсіптік авариялар , апаттар және адам өміріне қауіпті жағдайлармен таныстыру. Ж.Ж.Қалиақперова оқушылармен әңгімелесу өткізіп, сонында «Адам өмірі және апаттар» видеоролигін көрсетті. Әңгімелесуде Пышный В. , Овсянников Я., Ибраев Б белсене қатысты. «Олимп» тобының балалары жұмыс істеп, «Отбасылық кодексін» құрастырды. «Егер дау пайда болса, сен бірінші қадам істе», «Адаммен бірге шеш, ал адамның орнына емес» , «Өз артықшылығын көрсетпе , құрмет көрсет » осындай отбасылық негізгі ережелерін санайды. Осы психологиялық әдеттерді сақтап,біздің балаларымыз өткір бұрыштарды аралап өтіп, алдағы өмірлері бақытты болу үшін біз үміттенеміз.
Бейінді лагерінің бастығы Ә.Исенова