«Абай Құнанбаев пен Махамбет Өтемісұлы» оқулары
Павлодар қаласы 23 ЖОББМ мектепшілік «Абай Құнанбаев пен Махамбет Өтемісұлы» оқулары өткізілді. Сайыс 6-9 сынып оқушыларының арасында өтті.
Оқудың мақсаты- қазақтың ұлы ойшыл ақындары-Абай Құнанбаев пен Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Махамбет оқуларының қорытындысы бойынша «Ер құтқарар ер едім..» мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Белик Кристина мадақтамамен марапатталды.