АШЫҚ ЖАЛПЫМЕКТЕПТІК АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
16 қазанда онлайн-режимде ата-аналар жиналысы өтті. Онда мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Ұсынылған есеп білім беру мекемесінің қызметін жан-жақты талдау негізінде дайындалған және мектеп жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат қамтылған. Мекемені дамытудың негізгі бағыттары мен проблемалары талқыланды. Материалдық-техникалық жабдықтау мәселесін, бюджеттік шығындарды қамтуымен қатар, 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанындағы оқу процесін ұйымдастыру мәселесі де ашылды.