«Павлодар облысының эмблемасына» 10 жыл толды
![«Павлодар облысының эмблемасына» 10 жыл толды](/media/img/blogs/6194f9909f231.jpeg)
2021 жылғы 30 қыркүйекте «Павлодар облысының эмблемасына» 10 жыл толды. 2011 жылы Павлодар облысының логотипі бекітілді. Логотип авторы - Касымхан Жапанов. Логотипте Баянауыл таулары, жартастағы ежелгі бейнелер түріндегі арқарлар, күн сәулелері мен Шаңырақ, жиектерінде қазақтың ою-өрнектері мен көне түркі жазу дәстүрінде жасалған «Павлодар облысы» жазуы бейнеленген. Павлодар облысы эмблемасының 10-жылдығына орай Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасында тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Онда кітапхананың келушілеріне облысымыздың бұрынғы логотиптерінің және қазіргі эмблеманың фотолары ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары эмблеманың әр бейнесінің сипаттамасымен таныстырылды