Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты әдеби-музыкалық шара
15-12-2021 17:16
«Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты әдеби-музыкалық шара

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бұл қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы мен ата-бабаларымыздың талай ұрпақтары арман еткен азаттыққа қол жеткізгенін көрсететін маңызды кезең. Тарих өлшемдері бойынша 30 жылдың  бір сәті. Дегенмен, көптеген халықтар үшін бұл кезең қиындықтарға, жеңістерге, дағдарыстарға және жетістіктерге толы тұтас дәуірді қамтып келеді. Осы мереке барысына орай «Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі» КММ кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты әдеби-музыкалық шара өтті. Шараның мақсаты: оқушылар бойында Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, туған жерді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.Аталмыш шараға 9 «Ә» сынып оқушылары белсенділік танытып, өлеңдер оқыды, викторинаға қатысты. 4,6 сынып оқушылары өнерлерін көрсетті, туған жеріне арнап әндер орындады. Жоспарланған іс-шара өз мәресінде жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылардың бойынан Отанға деген патриоттық сезімдері байқалды.