Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл
09-02-2022 10:10
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл

 

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық (Ы.Алтынсарин)

 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушыларды ұлттың рухани және зияткерлік серпіліс құралы ретінде оқырман қызметіне тартуға бағытталған.

Осы жоба аясында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және мектеп кітапханашысы іс-шара өткізді.

«Тіл –тұғырым» жобасы шеңберінде оқушылар «Бақша ағаштары» әңгімесін оқып, талқылады.

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Әңгіменің мазмұны бойынша оқушылар өз ойларын қағаз бетіне сурет арқылы жеткізді және шығармашылық кесте толтырды. Шығармашылық кестеде оқушылар кейіпкерлердің мінездемесіне, іс-әрекетке,мақал- мәтелге, шығармалар ұқсастығына назар аударып, қойылым көрсетті. Суретте оқушылардың оқуға деген оң көзқарастарын әңгімеге деген қызығушылықтарын көруге болады. Шығармашылық жұмыстан кейін оқырман ойлау мен эмоциялық белсенділікті көрсете білді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және мектеп кітапханашысы