МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТЫ
№24 ЖОМ КММ математика және физика мұғалімі Виндерголер Наталья Валерьевна 17 ақпанда Қарағанды қаласында өткен «Мектептегі математикалық білім: жағдайы, мәселелері, ұсыныстары» атты математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне Павлодар облысынан делегат болды. Наталья Валерьевна өзінің жеке педагогикалық стилімен ерекшеленетін сауатты, шығармашыл ұстаз, жаңашыл педагог, НЗМ Математикалық білім беру орталығының мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша «Физика» пәні бойынша сертификатталған тренер. Съезде жемісті жұмыс тілейміз! Жаңа идеялар мен жобаларды күтеміз!