Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«АЛҒЫС ШЫН ЖҮРЕКТЕН ШЫҒУЫ КЕРЕК»
24-02-2022 18:26
«АЛҒЫС ШЫН ЖҮРЕКТЕН ШЫҒУЫ КЕРЕК»

2022 жылдың 22 ақпанында «Алғыс шын жүректен шығуы керек» демекші, мереке қарсаңында бүгінгі Алғыс айту күніне арналған іс-шара Павлодар қаласының Достық үйінде менің жетекшігімен 24 мектептің оқушылары, тарих оқытушы Омарова С.Б., қатысты. «Алғыс айту күнінің тарихы мен философиясы» этникалық тарих сабақтарының апталығының желілік кестесіне сәйкес іс-шара алғыс айту күнінің шығу тарихы туралы әңгімеден басталды. Одан кейін «Қоғамдық келісім» КММ, облыстың 20 этно-мәдени бірлестігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі, «Жас қанат» жастар ұйымы, облыстық Кеңестің ұйымдастыруымен Достық үйіне экскурсия жасады. Павлодар қызмет көрсету және тамақтандыру колледжінің жетекшілігімен қонақжайлылықтың нышаны саналатын ұлттық тағамдардың бірі – бауырсақты дайындау бойынша алғашқы шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сыныбында студенттер бауырсақтың қамырын дұрыс илеуді және оны пісіруді үйренді. Хореографиядан екінші шеберлік сыныбы қазақтың ұлттық биі «қара жорға» бойынша өтті, оқушылар бастың әр бұрылуын қайталады, аяқтың қалпын бақылап, қол қимылдарын орындады. Ұлттық биде бәрі мән-мағынаға толы.

Бүгінгі шара өзінің негізгі міндетін орындады деп есептеймін.