Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жазғы суықтыру "Күншуақ" лагерінің ашылуы
02-06-2022 10:04
Жазғы суықтыру

Бүгін мектебімізде жазғы суықтыру "Күншуақ" лагерінің ашылуы болды. Бұл 1 маусым балаларды қорғау күні және "Балалар жылы“ қарсаңында өтіп жатқан үлкен шара." Күншуақ "лагері оқушыларды көңілді қарсы алудан, керемет көңіл күйден басқа, 8 бөлімнен тұратын кезеңдермен қарсы алды. Әр кезеңде жол жүру ережесін, өрт қауіпсіздігін, суда жүзу қауіпсіздігін, алғашқы көмек ережелерін ойын түрінде әр отрядқа түсіндірсе, тагы да оларды спорттық жарыс, эстафета, ұлттық ойындар сайыстары толықтырды.
Мектептің әнші, биші қыздары да, лагерь демалушыларының көңілдерін көтеріп, бірге билетіп, бірге ойнатты.
Бағдарлама соңында ең жақсы өнер көрсеткен отрядтарға мадақтама қағаздар тапсырылды.
Оқушылар өз отрядтарының аты мен ұранын айтып, бірге жаттады.
Мереке соңы тәтті балмұздақпен жалғасты.
Жақсы көңіл күймен оқушылар келесі күнді асыға күтуде.