Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ТІЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА
27-09-2022 12:15
ТІЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным,
Қазақ тілі- ұлтымыздың қасиетті жүйкесі мен жұлыны, жаны мен жүрегі, ар-намысы мен абыройы, халықтың жер бетінде бедерін салған, тарихын, мәдениетін, рухани қазыналарын, асыл мұраларын жасаған өз тағдыры. Сол үшін де, алты алаштың арысы А.Байтұрсынов «анаға балаған» тілге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.
Тілді құрметтеу әуелі өзіңді, одан соң еліңді құрметтеу. Мемлекеттік тіл-татулық пен бірліктің тірегі. 9 «Г, Д» сыныптар арасында Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл болашағы –қазақ тілінде» атты тілдер апталығы өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Аятова Г.Қ