Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара
Біздің мектебімізде Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Мектептің педагогикалық ұжымына және өзін-өзі басқару Президентіне Қазақстан халқы Ассамблеясының мадақтамалары табыс етіліп, мектеп басшысы Солтанбекова А.Е., тарих пәнінің мұғалімдері Рахимжанова Р.Н және Смаилов Р. Р. құттықтау сөз сөйледі. Концерттік бағдарламада домбырашылар ансамблінің музыкалық нөмірлері, оқушылардың орындауындағы вокалдық және хореографиялық нөмірлер болды. Соңында мұғалімдер «Атамекен» әнін орындады.