Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
МҰҒАЛІМДЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
14-10-2024 22:22
МҰҒАЛІМДЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

54-ші қалалық Спартакиада аясында Павлодар қаласының мұғалімдері арасында «Шахмат үйінде» ұлттық «Тоғыз-құмалақ» ойыны бойынша жарыстар өтті.

Бұл жарыста мектебіміздің намысын дене шынықтыру мұғалімі Мереке Талапович Дюйсенов пен ағылшын тілі мұғалімі Әндар Еркежан Ерсінқызы қорғады.

Қаланың үздік ойыншылары бас қосқан жарыс жоғары деңгейде өтті. Ұстаздарымыз шеберлік пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, командалық үшінші орынды иеленді. Жекелей сында Еркежан Ерсінқызы ерекше нәтиже көрсетіп, құрметті бірінші орынды иеленді.

Ұстаздарымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!