№24мектеп базасында «Отбасын қолдау қызметі»атты семинар болып өтті. Ұйымдастырушысы - Павлодар облысының балалар құқығын қорғау Департаменті мен Павлодар қаласы қамқоршылық кеңесі, қорғаншылық секторы . Жұмысна мектеп директоры Н.Ш.Рахимғожина, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторының маманы Бедильханова Қарлығаш Айтжановна, авлодар облысы балалар құқығын қорғау Департаментінің ақпараттық-сараптама қызметінің және мониторинг бөлімінің бастығы Кожанова Зайда Оралбековна, представитель Нашақорлықтың медико-әлеуметтік мәселелері бойынша Республикалық ғылыми-тәжірибелік Орталығының өкілі Аманова Жанна Шакуовна, балалар- реабилитациялық психологы Дудкина Людмила Александровна, КББ мектеп инспекторлары , «қатерлі топ» балалрдың ата-аналары қатысты. №24,13,25,42 мектептерінің қиын жасөспірімдерінің ата-аналары үшін өткізілді.
Семинар қатысушылары бала тәрбиесіндегі ата-аналардың мәселелерін талқылады, қажетті психологиялық кеңестер берілді.
«Отбасын қолдау қызметі» отбасындағы, мектептегі, қиын қарым-қатынастарды шешуге бағытталған. Қызмет өз міндеттерінен жалтарған ата-аналардың,қаңғырудың мәселесін шешуге көмектеседі, медициналық тексеріске,емделуге қажетті кеңестер береді, құжаттарды рәсімдеуге т.б. көмек көрсетеді.
№24 мектептің әлеуметтік педагогы Ф.Ч. Меньщикованың баяндамасы мазмұнды әрі әсерлі болды. Семинар аяқталғанна кейін мектеп психологтары М.Г Лемешинская және А.С .Смагулова ата-аналарға арнап тренингтер өткізді . Ата-аналар мен қатысушыларға №24 ЖОМ шығармашылық ұжымы концерт қойды. Семинар қатысушылары ДТЖО Г.А.Сүлейменова ұйымдастырып өткізген семинардың мазмұны мен оның ұйымдастырылуына жоғары баға берді.