Д.П. Багаев атындағы мұражайға экскурсия
Біз, 5 "В" сынып оқушылары 11 желтоқсан күні Д.П. Багаев атындағы мұражайға бардық. Павлодар өңірінің өлкетанушысы, шежірешісі, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушысы және тұңғыш директоры, танымал фотограф Д.П. Багаевтың өмір сүрген және жұмыс істеген үйінде бізді Зеймулина Мунара Бейсенбаевна қарсы алды. Ол бізге мұражай экспозициялары жөнінде мәлімет берді. Бізге шебердің 20 ғасыр басында қолданған өзінің нағыз заттарын тамашалау өте қызықты болды, оның ең құнды шығармашылық мұрасы- өлкеміздің жарты ғасырлық тарихы бейнелеген фотосуреттер.