Әліппе мерекесі
1 ақпан күні бірінші сынып оқушылары үшін "Әліппемен қоштасу" мереке-сабағы өтті. Балалар ата- аналарына мектепте 5 ай бойы үйренгендерін көрсетті. Олар өлең оқып, жұмбақтар шешті, ән айтты. Әсіресе, олардың көңілінен мерекеге келген қонақ - Әліппе шықты. Ол бірінші сынып оқушыларына мектептегі алғашқы табыстары үшін дипломдар мен медельдарды табыс етті. Сонымен қатар жаңа оқулық "Ана тілімен" таныстырды.