Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Семей қаласыда өңірлік семинар өтті
05-03-2016 02:38
Семей қаласыда  өңірлік семинар өтті
Оқыту қазақ тілді емес мектептердің 1-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу барысы туралы» өңірлік семинар өтті Қатысушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, «Study Inn» білім беру консалтингінің әдіскерлері, оқулық авторлары, Астана қаласы және Алматы, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жалпы білім беру ұйымдары 1-11 сыныптардың (эксперимент) қазақ тілі пәні мұғалімдері қатысты. Соның ішінде білім беру басқармасының бас маманы Жылқыбаева Ғ.А., №24 ЖО мектептің мұғалімдері: Қазыбаева Ү.Ж., Аубакирова Г.З., Смағұлова К.С. және Успен мектебінің мұғалімдері де қатысты. Гүлсім Зарқынқызы үздік баяндама оқыды,Үміт Жамбылқызы трениниг, ашық сабақтарға, шеберлік сыныптарға қатысып, белсенділігін артты, Смағұлова К.С. 5-сынып бойынша «Кім күшті?» тақырыбына шеберлік сынып көрсетті. Рахымжанов Қайыржан Алдашұлы – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қазақ тілі мен әдебиеті білім зертханасының меңгерушісі , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.д., оқулық авторы Райгүл Сәдуақасқызы Рахметова, Айтжамал Рауандина сөз сөйлеп, ерекше Павлодар мұғалімлеріне алғыс айтты. Семинар қатысушылары сертификатқа ие болды.