Біздің мектебімізде әр сенбі сайын бастауыш сынып оқушыларының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар жүргізіліп отырады. Осыған орай, осы аптада 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен флэшмоб өткізілді. Флэшмобты 3 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Бағизат Жұмашқызының бағыттауымен ұйымдастырды. Флэшмоб өте көңілді, әсерлі болды. Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, бір сергіп алды.